Түлкібас ауданындағы «Майлыкент-сүт» ЖШС-ң өнім түрлері бүгінде зор сұранысқа ие. Ағы бардың бағы бар» деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт, несібесі деп білген. Бүгінде аталған өңірдегі сүт өнімдеріне өзге елдердің деқызығушылығы артып келеді.
Мұнда «Бизнестін жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, қарқынды жұмыс істеп тұрған сүт өндеу цехы күніне 5 тоннаға жуық сүт өндеп, майсыз сүттен бастап йогурт, айран, ірімшік сияқты оннан астам түрлі өнім дайындайды.
Аталмыш кәсіпорын 40-тан астам ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, өз өнімдерін республика аумағындағы бірқатар аймақтарға өткізуде.
Күні кеше облыс орталығында өткен «Қазақстанның үздік тауары-2023» өңірлік көрмесінде «Майлыкент сүт» ЖШС жылдың үздік тауар өндірушісі номинациясымен марапатталды. Сондай-ақ сүт өнімдері айшықталған көрмеде Түлкібас ауданының өзге де белді кәсіпкерлері қатысып, өнімдерін көпшілікке ұсынды.