Бүгінде халық саны 106 мыңнан астам, 61 елді мекен құрайтын Алатау мен қарт Қаратаудың түйіскен жеріне орналасқан Түлкібас ауданының табиғаты көрікті, берекелі де құнарлы өңірлердің бірі екені жасырын емес. Қасиеті тұнып тұрған өңірде әсіресе әлеуметтік –экономикалық даму көрсеткіші жыл сайын артып келеді. Әлеуметтік мәселелер соның ішінде көгілдір отын, ауыз су және электр энергиясы сынды кезек күттірмейтін дүниелер оң шешімін тапқан ауданда.
Аталған ауданның экономикалық даму көрсеткіштері көрші аймақтарға қарағанда көш ілгері. Жалпы, осы жылдың 6 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 36 млрд 492 млн 700 мың теңгені немесе 114,0 пайызды құрады. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 7 млрд 466 млн 800 мың теңгені құрады немесе 135,8%, оның ішінде 597 млн. 100 мың теңгесі республикалық бюджет есебінен, 317 млн 800 мың теңгесі жергілікті бюджет есебінен, 6 млрд 47 млн. 600 мың теңгесі жеке сектор қаржысы, басқа да қарыз қаражаты 504 млн. 300 мың теңге түрлі мақсаттарға бөлініп, жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.
Кәсіпкерлік саласы бойынша өңірдегі өнеркәсіптердің аудан экономикасындағы маңызы орасан зор.
Қазіргі таңда ауданда 4 орта, 22 шағын, 6 қосалқы кәсіпорындар барлығы 32 кәсіпорын жұмыс атқаруда, оның ішінде белсенді жұмыс атқаратыны-22, мезгілді жұмыс атқаратыны 10-ға жуық. Нәтижесінде өнеркәсіп өнімінің көлемі 7 млрд 675 млн 200 мың теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 101,2 пайызды құрады. (Өткен жылдың тиісті кезеңі 7 млрд 225 млн 500 мың теңге).
Сонымен қатар аудан экономикасының даму бағыты шағын және орта бизнесі болып табылады. Биылғы жылы ауданда шағын орта бизнес субъектілерінің саны 10 мыңға жетіп, оларда 12 720-ға жуық адам жұмыспен қамтылып, өнім көлемі І-тоқсан қорытындысымен 8 млрд 100 мың теңгеге жетіп жығылды. Оған қоса алдағы 3 жылда өнеркәсіп саласы бойынша 447,0 млрд теңгелік 11 жобаны сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде. Жобалар іске асырылған жағдайда 3635 жаңа жұмыс орындары құрылып, өнеркәсіп өнімінің көлемі 127 млрд 600 млн. теңгеге, салық түсімі 13 млрд 600 мың теңгеге арттыру көзделіп отыр.
Олар:2024 жылы 6 жоба -«Beibars Bottlers» ЖШС ауыз су және түрлі-түсті сусындар шығаратын зауыт салу, «Састөбе инновациялық кешені» ЖШС каустикалық сода, ПВХ, кальций карбиді, әк цемент өндіру зауыты, «Стандарт Пауэр» ЖШС қуаты 320 МВт газ электр станциясын салу, «Ferrum Construction“ ЖШС Абаил кен орнында темір рудасын өндіру және байыту, «Бек-Агро 22» АӨК шұжық өнімдерінің ассортиментін өндіру.«Түлкібас әк зауыты» ЖШС айналмалы пештің құрылысы және орналастыру жұмыстары жүргізілуде.
Слндай-ақ,2025 жылы 5 жоба-«Табиғи өнім LTD» ЖШС тірі салмақтағы күркетауық етін өсіру және өңдеу құс кешенінің құрылысы, «Борсықсай» ЖШС балықтарға арналған жем-шөп өндіретін зауыт салу, «Түлкібас жеміс жидектері» СТК қуаттылығы жылына 4000 тонна жеміс өңдеу цехы, «Майтөбе- Сүт» АӨК сүт өнімдерін өңдеу цехінің құрылысы, «HENHOF» ЖШС құс етін өндіру және өңдеу фабрикасының құрылысы.Бұдан бөлек шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жалпы құны 2 млрд. 300 мың теңгені құрайтын 24 жобаны іске асыру көзделіп, онда 168 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда.
Ал, Туризм саласы бойынша ауданның табиғаты экотуризмді, спорттық, танымдық туризмді дамытуға өте қолайлы. Осы мақсатта ауданда 36 туристік нысан (3 қонақ үй, 6 балалар сауықтыру лагері, 2 емдік сауықтыру орталығы, 21 туристік аймақтар мен туристік базалар, 4 киелі аймақ) елге қызмет көрсетіп келеді. Айтып өтсек, 2023 жылы 6 айда жалпы ауданға 5 700 турист келген. Алдағы 3 жылда ауданда туризмды дамыту мақсатында 12 млрд 400 мың теңгелік 8 жобаны сүйемелдеу жұмыстары жоспар шеңберінде кезекте тұр. Жобалар бойынша 228 жаңа жұмыс орындары құрылады деген жағымды жоспарлар да жетерлік. Аталған жобалар іске асырылған жағдайда төсек-орын саны қосымша 673 бірлікке арттыру сатылары сараланбақ.
Киелі аймақта ауылшаруашылығы саласы бойынша Ауданның көкөніс, жеміс дақылдары мен жүзімдер өсіруге қолайлы климаттық жағдайы бар жайлы өлке екені даусыз. Үстіміздегі жылдың 6-ай қорытындысымен ауылшаруашылық өнімінің көлемі 19 млрд 982 млн 500 мың теңгені, нақты көлем индексі 103,6 пайызды құрады.(Өткен жылдың тиісті кезеңі 16 млрд 935 млн 400 мың теңге). Ал, халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында аудан аумағындағы 2 ауылдық округте «Ауыл-аманаты» бағдарламасы 2,5 пайызбен несиелендіру жұмыстары қарқынды атқарылуда. Мәселен, «Мичурин» ауылдық округінде бағдарламаның 3 бағыты бойынша:1) өсімдік шаруашылығын дамыту (құлпынай өсіру); 2) мал шаруашылығын дамыту (сүт бағыты); 3) өз кәсібін ашу (сүтті қайта өңдеу кәсіпорны);
Балықты ауылдық округі бойынша бағдарламаның 3 бағыты: 1)Балық шаруашылығын дамыту; 2) мал шаруашылығын дамыту (сүт бағыты); 3) құс шаруашылығын дамытутаңдалып, 2 ауылдық округте 3 кооператив құрылған. Қазіргі таңда 73 азамат бағдарламаға қатысуға ниетті.
Қабылданған жобалар саны 55 (312,3 млн.теңге); Оның ішінде қаржыландырылған өтінімдер саны 22 (111,8 млн.теңге);
Бұдан өзге 2023 жылы ауыл шаруашылық саласы бойынша 2 млрд 400 млн. теңгені құрайтын 4 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, нәтижесінде 52 жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Олар: 1)«Баян сұлу» СҮ ЖШС -1,0 млрд. теңгеге 200 бас сауынды сиырға арналған кешенді комплексі; 2) «Сармат» ШҚ — 500,0 млн. теңгеге 1000 бастық мал бордақылау алаңын іске қосу; 3) ЖК «Маржан»-100,0 млн. теңгеге тәулігіне 5,0 тонна сүтті қайта өңдейтін цех ашу; 4) «Алмалы сай» ӨК — 800,0 млн. теңгеге мал бордақылау алаңы және 80,0 га жер теліміне қарқынды бау отырғызу жобаларын іске асыру.
Білім саласы.Ауданда бүгінгі таңда 60 мектеп бар. Оның 46-ы типтік, 14-і ыңғайластырылған. Апатты жағдайдағы және үш ауысымдағы мектептер жоқ. Мектепке дейінгі 51 ұйымда (48 балабақша, 3 шағын орталық) 3-6 жас бойынша 6048 бала толық қамтылған.Үстіміздегі жылы облыстық бюджет есебінен «Тұрсынбеков» 150 орындық негізгі мектебінің, Таусағыз ауылындағы «Г.Титов» мектебінің қосымша 150 орындық ғимарат құрылысы, Т.Рысқұлов ауылы, «Бақыбек» мөлтек ауданында орналасатын 300 орындық мектептің құрылысына қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Оған қоса «Ынтымақ» ауылы «А.Оразбаева» атындағы жалпы орта мектебінің күрделі жөңдеу жұмыстарына алғашқы қаржысы бөлініп отыр.
2023-2025 жылдарға 4 жаңа мектептің және 2 қосымша ғимараттың құрылысын жүргізу жоспар сатысында. Оның екеуі жайлы мектеп болмақ.