9-сәуір күні Ордабасы ауданында жасөспірім қыздың мәйіті табылды. Соңғы кездері өңірімізде жас өлімдердің көбейіп кеткені жасырын емес. Сонымен қатар, Ордабасыдағы суару каналынан денесі табылған қызды өлтіріп кеткен деген күдікпен заң қызметкерлері күдіктіні анықтады.
Түркістан облысының полицейлері 9 сәуірде Ордабасы ауданындағы суару каналынан мәйіті табылған қызды өлтірді деген күдіктіні анықтады.
Күдікті болып танылған өрімдей 11 сынып оқушысы. Қазіргі таңда ол полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды.
Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі “Адам өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ,сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.
Бүгінде тергеу ісі Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында болмақ..
«ҰШҚЫН» KZ
МАХАББАТ АБДАЛИЕВА