Халқының қамы үшін қарекет еткен халық қалаулысы не үшін төбелес құрбаны бола жаздады. Бұл туралы «Жесть» ақпараттық сайты хабарлайды.
Сарыағаш аудандық мәслихаты депутаты Руслан Раджиевті белгілі бір топ түн ішінде үйіне келіп соққыға жығуына не себеп?.. Халық қалаулысы кімдердің жолына бөгет болды?..
Аталған ақпараттық сайт бейнежазбасында оқиға желісі жайлы айтылған.
Халық мүддесі үшін жүрген депутатқа өз басым қуанып отырмын. Сосын бөлісуді жөн көрдім. Бүгінде мұндай шындық үшін жұмыс істейтін халық қалаулысы көп емес. Соққы беріп, соқтығысқандар жазалануы тиіс!
Махаббат Абдаливеа